ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

«Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» КММ-де кезекті жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде:

1.Жаңа оқу жылындағы тәрбие жұмысы жоспарымен танысу. Ата-аналар комитетін сайлау. Мектептің ішкі тәртіп ережелері. Мектеп формасы;(ДТІЖО: А.Қосдәулет)

2.Қамқоршылық кеңестің мақсат, міндеттері және құрамымен таныстыру; (әлеуметтік педагог: А.Амантайқызы)

3.«Лудоманияның алдын алу» бейнеролик көрсету (Аға тәлімгер: А.Сарқұлова).


«Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» КММ - де 30 мамыр күні кезекті ата - аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде:
1. 3 - тоқсан бойынша тәрбие жұмысының қорытындысы;
2. Оқушылардың жазғы демалыс кезінде өткізілетін іс-шаралар, міндеттер және өмір қауіпсіздігі;
3. Құқық бұзушылықтың алдын алу;
4. Жолда жүру ережесі, мотоцикл мопед-скутер жүргізу қауіпсіздігі.


«Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» КММ-де Г.Салменова және Г.Темірғалидың ұйымдастыруымен 5 “Б” және 6 “Ә” сыныбында кезекті ата-аналар жиналысы өтті.

Тақырыбы: Сенім арту жетістік шыңы.

Түрі: Аэропорт стилі.

Мақсаты: Баланың жүрегіне, жан-дүниесіне саяхат жасау, қолдау, түсінудің маңыздылығы



«Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» КММ-де Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының 10-11 сынып ата-аналарына 3-ші сабағы өткізілді.

Тақырыбы: Көркем мінез - баға жетпес байлық (эмоционалды интеллект - табысты тұлғаның негізі)



"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы «Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» КММ-де Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының 1-4 сынып ата-аналарына арналған 1-ші сабағы өткізілді. Сабақтың тақырыбы: «Отбасы - бақыт бесігі» (Ата-аналар өмірінің жобасы-бақытты адам) Сабақтың мақсаты: ата-аналардың баланың бақытты өмірінің негізі ретінде оның әл-ауқатын қамтамасыз етуге дайындығын қалыптастыру.


«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» 1-ші сабағы бойынша ата-аналардан кері байланыс.


«Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» КММ-де Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының 5-9 сынып ата-аналарына арналған 1-ші сабағы өткізілді. Сабақтың тақырыбы: «Баланың бас ұстазы - ата-ана» (Позитивті ата-ана болу: тыңдау, есту, өзін естірте білу) Сабақтың мақсаты: оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту.


«Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» КММ-де 15 қыркүйек күні кезекті ата-аналар жиналысы өткізілді.

Күн тәртібінде:

1. Жаңа оқу жылындағы тәрбие жоспар жұмысымен таныстыру;

2. Құқық бұзушылықтардың алдын-алу мен бала қауіпсіздігі;

3. Буллинг және кибербуллингтің бала психологиясына әсері;

4. Қамқоршылық кеңестің мақсат, міндеттері және құраммен таныстыру;

5. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы жұмыс жоспары, мақсат-міндеті, құрамымен таныстыру.


Ата-аналар жиналысы "Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп"КММ-де 20-шы қаңтар күні "Үштік одақ ынтымақтастығы: оқушы,ата-ана,ұстаз" тақырыбында мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы болды. Күн тәртібінде:

1. ІІ тоқсан бойынша білім сапасы.

2. Интернеттің тиімсіз жолдары.Ұялы телефонның зияны мен сақтық шаралары;

3. Қыс мезгіліндегі балалардың қауіпсіздігі (өрт, жол-көлік, мұз айдындары, үсіп қалу, оқыс оқиғалар,т.б)

4. “Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы өз-өзіне қол жұмсаудың және құқықбұзушылықтың алдын алу, сонымен қатар нашақорлық пен алкогольді ішімдіктер пайдаланудың алдын-алу;жыныстық тиіспеушілік, зорлық-зомбылық, ерте жүктіліктің алдын алу;

5. Сынып жетекшілер кеңесі;

6.Марапаттау Жиналысқа сынып жетекші және мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдері қатысып, ата-аналар тарапынан ұсыныс, пікір дәптеріне жазба қалдырып кетті.



"Отбасы құндылығы күні"
Ата-аналардың сабаққа қатысуы.2"ә"сыныбы
Пән мұғалімі:С.Нысанова


Атауы Жүктеу
1 Ата-ана Хаттама  DOCX.
2 атаөана DOCX.