Аудан көлемінде халықтың сауатын ашуға өз үлесін қосқан, түлектердің бірнеше буынына тәлім-тәрбие берген мектептердің бірі  Орлыкөл орта мектебі. Мектеп 1928 жылы Жасқайрат ауылының Орлыкөл елді мекенінде төрт сыныптық болып ашылған. Алғаш мұғалімі Бақтыбай атамыз орысша сабақ берген. 1933 жылы Орлыкөл орта мектебі салынып, төртжылдық мектеп болып құрылған. Онда 11-12 бала оқыған.  Мектеп директоры – Өтебалин Қожық, мұғалімдер – Сисенғалиев Құмар, Құсманов Құмар, Анайсов Дүйсенғали, Қылышбеков Қарасай, Исмағұлов Бисен, Бисқалиев Жәми, Телеубаев Нұрмұқан, Ашбаев Қабдолла. 1952 жылы Жасқайрат орталығында үш мектеп біріктіріліп, Орлыкөл жеті жылдық мектебі болып құрылды. Мектеп директоры Оразов Леп болған. 1959 жылы жаңа он екі бөлмелі мектеп салынды. 1959-1960 оқу жылы мектеп болып құрылды. Мектепте қазіргі Жангелдин, Комсомол, Тасшағыл, Қарабау елді мекендерінің балалары жинақталып оқытылған. Мектеп директоры Ықсанғалиев Ізбасар болды. 1963-1968 жылдары Қуатов Салық, 1968-1969 жылдары Марданов Фарух, 1969-1986 жылдары Башиев Ғимран мектепті басқарды. 1970-1975 жылдары мектептің домбыра оркестрі аудандық, облыстық байқаулардың 1-2-орындарын иемденіп келді. Жетекшісі белгілі өнер иесі – Сиғуат Уайсов. Сондай-ақ мектеп оқушылары спорт түрлерінен аудандық, облыстық спартакиадаларда 1-2-орындарды иеленді. Оқушыларды спортқа баулуда мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Әменов Амангелдінің еңбегі зор. 1977 жылы 8 маусымда Қазақ ССР Министрлер Советінің №292 қаулысы бойынша  мектепке «Даңқ» орденінің толық кавалері Шүкір Таңатарұлы Еркіновтың есімі берілді. 1980 жылы жаңа типті 2 қатарлы мектеп салынып берілді. Мектептің көптеген түлектері республиканың әр түкпірінде еңбек етуде. Солардың ішінен республикаға танымал парламент депутаты Елеубаев Ұзаққали Биалайұлы, облысымызға белгілі Танкиев Қадірғали Қоңырұлы, Жаңабаев Төлеген, Ізімов Мақсот сынды азаматтар бар. Сондай-ақ аудан экономикасын дамытуда елге танымал болып жүрген мектеп түлектерін көптеп атауға болады. Мектепті алтын медальмен бітіргендер: Шайғалиева Гүлхан, Қазбекова Гүлханым, күміс медальмен бітіргендер: Н. Есендиярова, Г. Сенғалиеа, Г. Хамзина, О. Шынтасова, М. Сүлімова, үздік бітіргендер: Р. Айсағалиева, Г. Батырбеков, Қ. Бекешов, А. Құлтаева, А. Оңдасынов, Б. Мұрынов, Қ. Байғазиева, Г. Дәулетова, М. Қонарова т.б. шәкірттерін ұстаздар қауымы мақтан етеді. Қазіргі таңда мектепте 436 оқушы білім алуда, оларға 80 мұғалім дәріс береді.