Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» КММ

«Оқуға құштар мектеп жазғы демалыста» хабарлама

Биылғы 2021-2022 оқу жылында мектебімізде «Өркен» жазғы демалыс лагері жұмыс жасап жатыр. Осы орайда лагерь демалушылары кітапханаменде тығыз байланыста. Балалардың жазғы бос уақыттарын кітаптар мен ойындар арқылы тиімді пайдалануды ұйымдастыра отырып, әртүлі іс-шаралар өткізіліп жатыр. Көркем әдебиеттерді пайдалануда оқырмандарымыздың саны да артып отыр. Осылайша кітапхана үшін жаз мезгілі балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға және пайдалануға тартудың тағы бір мүмкіндігіне айналып отыр.

Лагерь демалушыларымен «Кітаппен бірге өсеміз!» тақырыбында кітапханалық серуенге шықтық. Серуен барысында балалар ертегі кітаптар оқыды, өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Оқыған ертегілері бойынша қойылым көрсетіп, ертегі кейіпкерлерінің суреттерін салды. Топқа бөлініп, 3Д кітап жасады. Әдеби джем ойыны ойнатылып, балалар ертегі құрастыруда шапшаңдықтарын көрсете білді. Серуен ортасында балалар шахмат, шашка, волейбол ойнап серігіп алды. Кітапханалық серуен лагерь демалушыларына керемет әсер сыйлап, жақсы көңіл-күймен аяқтадық.


Шалқыма мәдениет үйінде ауылдық кітапхана мен мектеп кітапханасы бірлесіп «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қызылқоға ауданының «Құрметті азаматы», жазушы Марат Мәжитовтің 80 жасқа толуына орай «Өлке тарихын тұлғаған тұлға» атты кездесу кешін өткіздік. Кездесу барысында оқушылар жазушыға арнап шығарған арнайы өлең жолдарын оқыды, жазушының «Бәйге» шығармасынан көрініс қойды. Мәдениет үйінің қызметкерлері әннен шашу шашты, жазушымен сырлы сұхбат болды. Кеш соңында оқушылар Марат Мәжитовтен қолтаңба алды.


Жоспарға сай лагерь демалушыларына «Ерте,ерте, ертеде» тақырыбында ертегілерден қойылым ұйымдастырылды. Мақсаты ертегіні оқи отырып, түсінгендерін қиялдау арқылы бейнелеу, оқушылардың ой-өрісін дамыту. Оқушылар 3 топқа бөлініп ертегілерден қойылым қойды. Қыран тобы «Жақсылық пен жамандық», Тұлпар тобы «Екі дос», Сұңқар тобы «Ханшайым» ертегілеріне көрініс көрсетіп, өте жақсы дайындықтарымен келгенін көрсете білді. Шара соңында флешмоб биленді.


.