«Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» КММ-де 21 қазан күні Мектеп Парламенті Президенті сайлауы өткізілді. Сайлауға 5 үміткер қатысып, 5-11 сынып арасында 228 оқушы дауыс берді.
Сайлау нәтижесі бойынша 145 дауыспен 9 «Ә» сынып оқушысы Дәрібай Орынбек Мектеп Президенті болып сайланды.
Мектеп парламентінің мақсаты: Мектеп оқушылары парламенті балалардың әлеуметтік белсенділігін, әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағытталған мектеп басқарудың бастамашыл, дербес, жауапты қоғамдық нысанын дамыту.
Парламент міндеттері:
Білім алушылардың шығармашылық белсенділігін және өз бетінше әрекет етуін іске асыру;
Білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оның ішінде білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық және олардың мүдделерін қозғайтын өзге де меселелерін шешуге;
Білім беру ұйымының басшылығына білім беру және ғылыми міндеттерді шешуде, білім алушылардың бос уақыты мен тұрмысын ұйымдастыруда, салауатты өмір салтын насихаттауда көмек көрсету.