«Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» КММ-де 27 қазан «Ұлттық киім - ұлт бейнесі» атты ұлттық киімді насихаттау күні болды. Осы орайда «Мектеп Парламенті» мүшелері ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрді жаңарту мақсатында ұлттық нақыштағы киімдер мен әшекейлер тағып ұлт мұрасын ұлықтауға атсалысты.