"Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп"КММ
Нашақорлық пен есірткіге, темекі мен адам денсаулығына зиян әкелетін синтетикалық, алкогольдік т.б. өнімдерді пайдалануының алдын алу бойынша 2023 жылға арналған АЙЛЫҚ іс - шаралар жоспарына сәйкес «Алкоголь - бар мәселенің бастауы».
Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Біз осы жаңа ғасырдан күтер үмітіміз көп. Сондай - ақ қазіргі заманда адам ағзасына тиер залалы да жетерлік. Халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек.

1-бағыт. «Темекі шегуді тоқтату»

2-бағыт. «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»

3-бағыт. «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес».

Салауатты өмір салтының мақсаты - өмір сүрудің мағынасы терең екендігін білдіруде.