Мерзімі: 1.09-30.12.2022 жыл аралығында

 

  «Ш.Т.Еркінов орта мектеп» КММ, Т.Қайырбаев  көшесі, 2, телефон 8(71238)- 2-50-49; эл.почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Мектепалды даярлық тобын қазақ тілінде оқытады. Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асырады.

 

Конкурс:  ҚР БҒМ 2012  жылғы 21 ақпандағы  «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібі туралы» бұйрығы негізінде.

 

 Біліктілік талаптары:     тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша педагогикалық қайта даярлауды немесе техникалық және кәсіптік білім беруді растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

 Лауазымдық міндеттері. Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: тәрбиеші қызметінің денсаулық сақтау функциясын атқарады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортаны қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу және т.б.) жетекшілік етеді.
      Балалармен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық жағынан қарайды.
      Тәрбиелеудің инновациялық технологиясын және оқытудың отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын зерделеумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.
      Ата-аналардың мектепке дейінгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсетеді. Балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайды. Компьютерлік сауаттылықты және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті жақсы меңгереді.
 

Лауазымдық жалақының мөлшері тәрбиешілерге  еңбек өтіліне , біліміне байланысты   173 000 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

 1)осы Қағидаларға 10-қосымшағасәйкес нысан бойынша өтініш;

 2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

  4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

  7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

  8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

  9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

 10) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

 11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған  бағалау парағы.

 

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары және электрондық мекенжайлары: 8(71238)- 2-50-49; электронды адресі Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2022 жылғы 9 тамыз бен 16 тамызға дейін.