Жиналысқа ауылдың учаскелік дәрігері У.Утаралиев, мектеп директоры Т.Калиева, Жасқайрат ДА фельдшері А.Әбілқайров және мектеп медбикесі А.Айтбаева қатысты. Жиналыста дәрігер ата- аналарға қызылша ауруы жөнінде түсінік жұмысы жүргізілді. Қызылша ауруының алдын алу, жұғу жолдары және алдын алу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар жиналыста аурудың алдын алудың бірден бір жолы жоспарлы екпені уақтылы алу керек екені атап айтылды.