Мемлекет басшысы 2024 жылғы 5 шілдеде «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының бірінші арнайы Заңына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына, вандализм көрінісіне және бөтеннің мүлкін бүлдіруге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушық туралы кодексіне адам саудасына, вандализм көрінісіне және бөтеннің мүлкін бүлдіруге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарға қол қойды.
Негізі заң «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Прзидентінің 2021 жылғы 9 маусымдағы #597 Жарлығын іске асыру үшін әзірленді және адам саудасына қарсы іс қимылдың ұйымдық-құқықтық негіздерін, мемлекеттік органдардың , жергілікті атқарушы органдардың және адам саудасына қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мақсаттарын, міндеттері мен қағидаттарын, құзіретін, халықаралық ынтымақтастық негіздерін көздейді.
https://erkinov-kyzylkogabb.edu.kz/kz/zha-aly-tar/580-adam-saudasyna-arsy-is-imyl-turaly.html#sigFreeId31fa4da21b