2024 - 2025 оқу жылындағы «Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» КММ - сінің оқушылары үшін 1 - 11 сынып аралығында мектеп формасының үлгісі осы нұсқада болатынын ескертеміз.


Ер балалар: ақ жейде, қою қара көк түсті (тёмно - синий) пиджак (міндетті емес), осы түстен көкірекше (жилет) және галстук, классикалық үлгідегі қара/көк түсті шалбар;


Қыз балалар: ақ кофта, қара көк түсті (тёмно - синий) жилет белдемшесімен (тізеден 5 см жоғары болмауы тиіс) немесе сарафан және осы түстен галстук.


Мектеп оқушысына тән қосымша белгілер:


Ер балалар: мектеп формасын қатаң сақтауы тиіс, шаштары қысқа үлгіде алынған болуы керек.


Қыз балалар: мектеп формасын қатаң сақтауы, шаштары екі жаққа өрілген, ақ бантик, тырнақтары алынған, ешқандай косметикалық бояу қолданбауы тиіс. Тырнақ, кірпік, шаш табиғи түрде болуы, басқа түске боялмауы және жасанды жолмен ұзартылмауы қатаң талап етіледі.