Тақырыбы: «Қазақстан менің Отаным»

Мақсаты: Оқушылардың қабілеттерін шыңдап, шығармашылық шабыт сыйлау.

 Өткізілген уақыты: 23. 10. 2023 жыл

Мектебімізде  «Жас Ұлан» «Жас Қыран» ұйым мүшелерінің қатысуымен 6 сыныптар бойынша сурет байқауы ұйымдастырылды.

 Байқауға 25 – оқушы қатысты. Әділ – қазы мүшелері  «Қазақстан менің Отаным» байқау тақырыбына сәйкес келетін жұмыстарды таңдап алды. Әділ – қазылар алқалары жұмыстардың дағдысын, айқындылығын және аяқталуын бағалай отырып, кәсіби қорытынды беріп, жалпы берген дауыстары бойынша жүлделі I, II, III орындарға 3 жұмыстар іріктелді.  Қалған қатысқан оқушыларға «Алғыс хат» табысталды.

Байқау қортыныдысы бойынша:

Жүлделі I орынға ие болған 6 «А» сынып  оқушысы Арал Кәусар;  Жүлделі II орындарға ие болған 6 «Ә»  сынып оқушысы Орынғали Кәусар;  Жүлделі III орындарға ие болған 6 «Б» сынып  Бекболатқызы Аяулым  марапатталды.  «Алғыс хат»   Жылқыбек Айаулым, Шадияр Гаухар, Тимурқызы Зарина, Есболсынқызы Аяна, Самал Алихан  марапатталды.