Тақырыбы:. «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау жиыны.

Өткізілген уақыты: . 24. 10. 2023 жыл

Мектебімізде 25 қаазн Республика  күніне орай Аға тәлімгер  А. Саркулованың  ұйымдастырумен «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау жиыны өткізілді. Салтанатты жиында ең алдымен Әнұран шырқалып, «Тәулсіздік, Жас Қыран және Жас Ұлан» ұйымы бойынша түсініктер берілді. Жиынның ең жауапты сәті Ант тапсыру рәсімі яғни «Жас Қыранға» қабылданушы 2 – класс оқушылары салтанатты түрде Ант берді. «Жас Қыран» төсбелгісін табыстау, мектебіміздің «Ұлан Басы» 10  «Ә» класс оқушысы  Айболатұлы Темірханға міндеттелді. Жиынның қорытынды бөлімі құттықтау сөз бен аяқталып, жиынға «Жас Қыран» «Жас Ұлан» ұйымына  қабылданушы  35 оқушы қатысты.