Нашақорлық – бүгінгі күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі. Әсіресе, мектеп оқушылары арасында оның алдын алу үшін бірқатар шаралар мен сабақтар өткізілуде. Осы мақсатта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Казиева мектеп оқушыларына нашақорлық туралы түсінік жұмыстарын жүргізіп, ақыл-кеңестер берілді. Айта кету керек, бір есірткінің таралуына тосқауыл қойылып жатса, біраз уақыт өткен соң тағы бір жаңа түрі пайда болып жатады. «Вейп» – соның бірі. Бұл – электронды темекі болып табылады. Оның мектеп оқушылары арасында таралуына жол бермеу – бүгінде қоғам алдындағы маңызды міндет болып отыр.